Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таңғы сессияда доллар 379,5 теңгеден саудаланды

Таңғы сессияда доллар 379,5 теңгеден саудаланды

Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 379,55 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (379,59 теңге/$1) ұлттық валюта 0,04 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 379,40 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 380,10 теңге, жабылу курсы бір долларға 379,40 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 68 млн 914 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 170.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 380,7 теңге, Алматыда – 381,7 теңге.

Ұлттық Банктің 10 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін 379,77 теңгені құрайды.

Похожие материалы