Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таңғы сессияда доллар бағамы 328 теңгеге дейін төмендеді

Таңғы сессияда доллар бағамы 328 теңгеге дейін төмендеді

2016 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 328,07 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 327,66 теңгені құрады. Максималды курс — 329 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 327,66 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 71 млн 700 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 144.

Ақша айырбастау орындарында 29 сәуірдегі доллардың максималды курсы — 328 теңге (Алматы уақытымен 11:30).

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы