Экономика
Тараздағы мерейтойда сізді не күтіп тұр?
Қазақ хандығының 550 жылдығы қазан айының 8-9 күндері Тараз қаласында тойланатыны бәрімізге белгілі. Бұл шараны абыроймен өткізу өте маңызды.
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған негізгі мерейтойлық мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар киелі Тараз қаласында орын алады. Мерейтойды лайықты атап өту мақсатында арнайы ұйымдастыру комиссиясы да құрылған болатын. Сонымен сізді не күтіп тұр?
Алғашқы күні – мерейтойлық іс-шаралар Қазақ хандығының құрылуы және тарихына арнайы шығарылған кітаптардың тұсаукесерінен басталады. Шат-шадыман көңіл-күй сыйлау мақсатында «Мәңгілік ел» идеясы аясында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы мен облыстардың мерекелік концерттік бағдарламасы өткізілмек. Спортты сүйсеңіз, қазақ күресінен «Еуразия барысы» халықаралық турнирі де алғашқы күннің бағдарламасында бар. Сонымен бірге, «Мерекелік тарту» акциясы (республика өңірлерінің мерейтойға тартуларының тұсаукесер рәсімдері), «Тараз — ғасырлар куәсі» атты тарихи көрме және жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қалихан Ысқақовтың «Қазақтар» атты тарихи-драмалық қойылымы өтеді. Осы жылдың жаңалығы ретінде «Атшабар» ипподромында Жамбыл облысында да, Қазақстанда да алғаш рет ат полосы бойынша клуб ашылады.
Ескерту! Сурет thinglink арқылы жасалған. Қандай іс-шара өтетінін білу үшін нүктелердің үстінен шертіңіз
Екінші күн – жаңалықтар толы болмақ. Атап айтқанда,«Көне Тараз» археологиялық саябағы мен «Ежелгі Тараз» мұражайының, «Қазақ хандығы» мемориалды монументінің салтанатты ашылу рәсімі өткізіледі.
10 қазан -ән-күй төгілетін күн. Қандай концерттік бағдарламалар күтіп тұрғанын төменнен біле аласыздар:
Шаралар барысында негізгі мақсат - ежелгі қазақтардың мәдениеті мен тұрмысының ерекшеліктерін, жаңа Қазақстанның жетістігі туралы ауқымды ақпарат көрсету болып отыр.
Естеріңізде болса, осыған дейін еліміздің барлық облыстары Таразға тарту ретінде қандай сый әкелгені жөнінде жазған болатынбыз. Бұл туралы
мына жерден оқи аласыздар.
Дайындаған Жұлдыз Ерік "7"