Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тауарлық несиені төлей алмаймын, банкке тауарды қайтарсам бола ма?

Тауарлық несиені төлей алмаймын, банкке тауарды қайтарсам бола ма?

Тауарлық несие алғанмын. Бірақ төлей алмайтын болған соң қазір төлемді тоқтаттым. Банкке төлей алмаймын, сатып алған тауарды алып кетіңіз десем, алмайды. Дұрыс па?

Алмас, әлеуметтік желі арқылы жолдады Егер де сіз тауарды несиеге алған болсаңыз, онда несие мына төмендегілер арасында рәсімделеді: •    Банк пен Борышкер арсында – несиелік келісім •    Борышкер мен дүкен арасында – сату-сатып алу келісімі. Бірінші келісім бойынша банк өз міндеттемелерін орындады, ол сіздің несиеге рәсімдеу туралы өтінішіңіз бойынша дүкеннің есебіне тауардың ақшасын аударды. Екінші келісім - сату-сатып алу және осы келісімнің тараптары ретінде тек қана Сіз бен дүкен болып есептеледі.  Банктің бұл жерде тауарға қатысы жоқ. Сондықтан сіздің банкке тауарды алып кет, төлем жасамаймын дегеніңіз дұрыс емес. Тауарды сіз дүкенге қайтарып,  ақшаны талап ете аласыз. Бірақ дүкеннің тауарды қайтарып алу шарттары аясында ғана. Егер сіз 5-6 ай пайдаланып, тауар қолданыста болса т.б талапқа сай болмаса қайтара алмайсыз. Ал банк алдындағы міндеттемеңізді орындауыңыз қажет.

Похожие материалы