«Тәжірибесі жоқ жастар» – Қорғаныс министрі казино ойнаған әскерилер туралы айтты
Астана. 10 қараша. 7kun.kz – ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов ойынханада 95 миллион теңгеден айырылған қызметкерлер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, олардың әрқайсысына қатысты қызметтік тергеу тағайындалды.
«Онда қызметкерлер емес, әскери күштердің әскери қызметшілерінің саны бар. Олардың әрқайсысына қазір қызметтік тексеру тағайындалды. Ал тергеу қорытындысы бойынша одан әрі қызметін жалғастыру-жалғастырмау туралы шешім қабылдаймын. Бірақ алдымен тергеу аяқталсын», – деді министр.
Министр құмар ойын ойнағандар әскери қызметкерлердің орташа құрамы екенін айтты.
«Олардың арасында жоғары құрамнан әскерилер болған жоқ. Өздеріңіз білесіздер, жоғары құрам қызметкерлерінің уақыты жоқ, өйткені біз үнемі далада жұмыс істеп жатырмыз. Біздің әскери қызметкерлерге берілетін сома аз. Олар тәжірбиесі жоқ жастар», – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысының прокуратурасы тексеру жүргізіп, 305 қазақстандық шенеунік ойынханада 507 миллион теңге жұмсағанын анықтады. Тексеру қорытындысы құзырлы органдарға тапсырылған болатын. Олардың арасында:
- Ішкі істер министрлігі - 97;
- Қорғаныс министрлігі - 95;
- Қаржы министрлігі - 25;
- Жоғарғы Сот - 7;
- Қаржы мониторингі органдары - 15;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары - 3;
- әкімдіктер - 36;
- басқа да мемлекеттік органдардан – 27 мемлекеттік қызметші анықталған.