Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңге бағамы төмендей түсті

Теңге бағамы төмендей түсті

Алматы. 8 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 8 маусымдағы доллардың орташа бағамы 334,22 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 333,90 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 334,35 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 334,35 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 100 млн 550 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 160.

Ақша айырбастау орындарында 8 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.40) Алматыда 335 теңгені құраған.

Похожие материалы