Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңге девальвациясынан кейін қазақстандық банктер қанша қаржы тапты?

Теңге девальвациясынан кейін қазақстандық банктер қанша қаржы тапты?

Ұлттық банктың статистикалық мәліметі бойынша, 2015 жылдың қаңтары мен шілдесі аралығында қазақстандық банктер шетелдік банктерден 28 251 млн доллар сатып, алып 1 791 млн доллар сатқан. Ең үлкен сатып алу көлемі 5 007 млн доллар көрсеткішінде шілде айында тіркелді. Ал ең үлкен сату 23 есе көп яғни 214 млн доллар көлемінде белгіленді.

Мұндай тенденцияның қалыптасуына мұнай бағасының төмендеуі, Ресейге қарсы салынған санкциялар және рубльдің девальвациясы әсер етті. 2014 жылдың қыркүйегі мен 2015 жылдың шілдесі аралығында ( 11 ай) қазақстандық қаржы мекемелері шетелдік банктерден 43 639 млн доллар сатып алып,15 есе аз (1490%) яғни  2 927 млн доллар сатқан. Осы арқылы банктер өзінің валюталық қорын 40 712 млн долларға толтырды.
ҚР банктері доллар сатып алған орташа курс 182, 7618 теңгені құрады. Ең төменгі сатып алу курсы 2015 жылдың шілдесінде 172,57 теңге көрсеткішінде белгіленді. Ұлттық банк мәліметінше, отандық банктер 7 429 411 млн теңге жұмсаған. 20 тамызда теңге курсы еркін айналымға өткеннен кейін банктердің қаржы есептері төмендегідей қалыптасты.
Доллар курсы 230,11 теңге болғанда (Ұлттық банктың 26 тамыздағы курсы) банктер капиталы 1 938 827 млн теңгеге немесе 26,1%-ға артты.
Доллар курсы 218,61 теңге болғанда (Ұлттық банктың 25 тамыздағы курсы) 1 470 639 млн теңгеге яғни 19,79%-ға артты.
Доллар курсы 252,47 теңге болғанда (Ұлттық банктың 24 тамыздағы курсы)  банктердің капиталы 2 849 147 млн теңгеге немесе 38,35%-ға артты.
 Айта кетейік, қазақстандық банктер 2014 жылдың ақпанындағы девальвациясында шетелдік валюта сатып алғаннан кейін де капиталдарын тез арада көбейтіп алды. Мұнай бағасының құлдырауы мен рубльдің әлсізденуінің жалғасып жатқандығын ескерсек, бұл тенденция сақталады деп айтуға болады.

Похожие материалы