Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңге нығая түсті

Теңге нығая түсті

Алматы. 10 шілде. 7kun.kz – 2018 жылдың 10 шілдедегі Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында курста орташа өлшемді бағамы 343,14 теңгені құрады. 9 шілдедегі таңғы сессиямен салыстырғанда (343,23 теңге/$1) ұлттық валюта долларға шаққанда 0,09 теңгеге қымбаттады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 342,90 теңге, ең жоғары – 343,50 теңге деңгейінде болды, жабылу курсы бір долларға 343,34 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 43 млн 250 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 99.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 344,5 теңге, Алматыда – 345 теңге.

АҚШ долларына шаққандағы теңгенің ресми бағамы Қазақстандық қор биржасының екі сессияның қорытындысы бойынша бекітіледі.

Похожие материалы