Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңге тағы да өсіп жатыр: доллар курсы 237,66 теңгеге төмендеді

Теңге тағы да өсіп жатыр: доллар курсы 237,66 теңгеге төмендеді

Теңге тағы да өсіп жатыр. Валюта биржасындағы таңғы сауда кезінде доллардың орташа курсы 4,10 теңгеге төмендеп, 237,66 теңгеге жетті деп хабарлайды Қазақстандық қор биржасының қызметі.

Таңғы сауда көлемі 63,1 млн долларды құрады. Еске салайық, өткен бейсенбіде Қазақстан үкіметі теңге курсын еркін айналымға жіберетіндігі туралы мәлімдеді. Сол уақыттан бері Қазақстандағы доллар курсы 218 - 255 теңге аралығында құбылып тұрады.
Апта басында америкалық валюта курсы 237 теңгеге дейін түсті. Ұлттық банк валюталық саудаға араласқандығы туралы ақпаратты жоққа шығарып, теңгенің күрт нығаюын дүйсенбіде заңды тұлғалардың салық төлеп, теңгеге деген сұраныстың артқанымен түсіндірді. 

Похожие материалы