Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңгенің құнсыздануынан 2014 жылы Air Astana таза кірісті 62%-ға төмендетті

Теңгенің құнсыздануынан 2014 жылы Air Astana таза кірісті 62%-ға төмендетті

Қазақстандық Air Astana  авиакомпаниясы  2014 жылы  19,3 млн доллар көлемінде таза кіріс түсірді, ол 2013 жылмен салыстырғанда 62% төмен, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. Операциялық кіріс  35%-ға, яғни 97,7 млн.долларға  көбейді.

"Таза кіріс 2014 жылғы ақпан айында теңгенің 19% құнсыздануынан ішкі қарыздың қайта бағалануы(қайта бағалану 49 млн.долларды құрады) себепті қысқартылды, делінген хабарламада.

"Өткен жыл теңгенің құнсыздануы және Ресейге салынған санкцияларға байланысты аймақтардағы тұрлаусыздыққа қарамастан компания үшін қолайлы жыл болды. Операциялық шығындардың 7%-ға төмендеуінен және Қазақстан арқылы транзиттік жолаушы ағынының өсімінен  өте жақсы операциялық көрсеткіштер орын алды", - дейді хабарламада көрсетілгендей компания президенті  Питер Фостер.

Air Astana - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы  мен ағылшындық BAE Systems компаниясының бірлескен жобасы(тиісінше 51% және  49% акция). Авиакомпания 41-ден аса халықаралық және  19 ішкі маршруттарда жұмыс істейді.

 

Похожие материалы