Саяхатқа шығу үшін қомақты қаржының да қажет болмайтын сәті болады. Студент қауымынан болсаңыз, түн ұйқыңызды төрт бөліп, біліміңізді байытып, мемлекеттік немесе университет гранттары арқылы армандаған еліңізге бара аласыз. Бірақ білім алып, саяхаттаудан бөлек шетелге барудың қандай жолдары бар? 7kun.kz тегін саяхаттауға мүмкіндік беретін бағдарламалар тізімін ұсынады.
Волонтерлер үшін
Егер табиғат қорғаушысы болсаңыз, бұл бағдарлама дәл сіз үшін. Жоба ұсынған түрлі волонтерлік бағдарламалар арқылы Аустралия мен Жаңа Зеландияның түкпір-түкпіріне бара аласыз.
VSO
Волонтерлік бағдарламалар ұсынатын халықаралық қайырымылық ұйым. Ресурстан денсаулық сақтау, экология, экономика, білім беру және басқа салалар бойынша волонтерлік жобаларды таба аласыз.
United Nations Volunteers
Жасыңыз 25-ке толса, жоғары біліміңіз бар болса және ағылшын, испан, француз тілдерінің бірін меңгерген болсаңыз БҰҰ-ның да волонтері бола аласыз.
SE7EN
Жаныңызға жақын кез-келген волонтерлік бағдарламаны табуға болады. Мысалы, жапондық зообақтағы пандаларды емдеуге немесе Багам аралдарына тәуелсіз зерттеу станциясымен бірге акулаларды зерттеуе бара аласыз.
Ауыл шаруашылық саласы бойынша
Бұл ресурста әлемнің түрлі елдерінің тұрғындары саяхатшыларды өздерінде тегін өмір сүруге шақырады. Ал сіз оларға шаруашылықта немесе шағын кәсібіне көмектесуіңіз қажет. Басқа елге барып қана қоймай, дәстүрі мен мәдениетімен танысудың тамаша әдісі. Өзіңіздің ыңғайыңызға келетін жұмыс түрін таңдап, иесімен хабарласасыз. Мысалы, күніне 3-4 сағат уақытыңызды жұмсап, итальяндық фермерлікті тәсілдерін үйреніп алуға болады.
WWOOF
Бұл ресурста дүние жүзінің бұрыш-бұрышындағы тұрғындар хабарландыру қалдырады. Оларға органикалық ауыл шаруашылығымен айналысатын тегін жұмыс күші қажет. Ал сізге тегін баспана және тамақтану ұсынады.
Appalachian Trail
Табиғатты жақсы көретін жастарды қатарына шақыратын тағы бір коммерциялық емес ұйым. Сіз АҚШ-тағы Мэн до Джорджии штатындағы 250 000 акр немесе 1012 шаршы шақырым аумақтың қоршаған ортасын сақтауға атсалысасыз.