Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Техникалық байқауды сатып алу енді мүмкін емес

Техникалық байқауды сатып алу енді мүмкін емес

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі қызметкерлерінің айтуынша, 1 ақпаннан бастап көліктің техникалық жағдайы туралы бар ақпарат автоматты түрде ТБ бірегей ақапараттық жүйесіне бағытталатын болыпты.

ҚР ИДМ көлік комитетінің өкілі Kolesa.kz корреспондентіне берген сұхбатында техникалық байқауды белгіленген тәртіптен тыс жолдармен алу оқиғалары әрқашан әрі әр жерде болғандығын айтты. Бүгінгі таңда кейбір өңірлерде көліктердің 70–80 % заңсыз алынған ТБ өту туралы куәліктермен жүр. Бұған дейін заң бұзушылықтарына қарсы комитеттегілер ешқандай шара қолдана алмаған, бұндай әрекетсіздікке өткен жылы елімізде енгізілген шағын және орта бизнесті тексеруге қойылған мараторий себеп. Бұзушылықтарды анйықтауға ТБ бірегей ақпараттық жүйесінің мониторингі ғана мүмкіндік беріп отырды, мұнда байқауға ұсынылды деп шығатын жалған автокөлік суреттері табылатын, негізінде олар фотошоппен өңделіп, мәліметтер базасына салынған. Комитет қызметкерлерінің сөзіне сүйенсек, 2015 жылдың 1 ақпанынан бастап жағдай өзгерді. ТБ бірегей ақпараттық жүйесі жетілдіріліп, енді көліктердің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер автоматты түрде техникалық байқау орталықтарында орнатылған датчиктерден тікелей жүйеге түседі. Бұған қоса, осы жылы кәсіпкерлерді тексеру ережелері өзгереді де көлік бақылаушылары ТБО қызметтерін мұқият қадағалауға мүмкіндік алады, бұзушылықтарға дер кезінде тосқауыл қоятын болады. Бірінші рет қолға түскен тәртіп бұзушыларын ескертумен шектеледі, ал келесі жолы бірден тізілімнен шығаратын болады. Бұл ретте техбақылауды заңсыз рәсімдеген жүргізушілерге жаза қолданбайды және олардың машиналары ТБ өткен көліктер тізімнен шығарылмайды. Ақпарат көзі: kolesa.kz

Похожие материалы