Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Tele2 мен Altel бірігеді

Tele2 мен Altel бірігеді

Бүгін Tele2 мен «Қазақтелеком» бірігу туралы келісімге қол жеткізді. Бұл туралы Tele2 баспасөз қызметі хабарлайды.

«Бұл серіктестік Қазақстанның телекоммуникация нарығында мықты ойыншыны әкелу туралы бірлескен мақсатын жүзеге асыруға жетелейді. Жаңа компания 5,6 млн абоненті мен нарықтың 22 пайызына ие болады», -делінген компания хабарламасында. Tele2 мен «Қазақтелеком» дауыс беру құқығындағы акциялардың 51% және 49%, жәй акциялардың 49% және 51% пайызы түрінде бөліп, иелік етеді. Бірлескен компанияны Tele2 басқарады. Сонымен қатар, Tele2 тобының президенті Эллисон Киркби, бұл келісімге сәйкес Tele2 қолданушылары Altel-дің 4G желісін пайдалана алатынын да айтты. Фото: profit.kz сайтынан алынды.

Похожие материалы