Алматы. 31қаңтар. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 379,56 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (379,83 теңге / $1) ұлттық валюта 0,27 теңгеге нығайды.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 379 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 380 теңге, жабылу курсы бір долларға 379,95 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 55 млн 50 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 119.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 381 теңге, Алматыда – 381,9 теңге.
Ұлттық Банктің 31 қаңтардағы ресми бағамы 1 доллар үшін 380,51 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.