Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңге аздап нығайды

Теңге аздап нығайды

Алматы. 26 наурыз. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 377,47 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (378,04 теңге/$1) ұлттық валюта 0,57 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 377 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 377,95 теңге, жабылу курсы бір долларға 377,70 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 17 млн 900 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 53.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 379,5 теңге, Алматыда – 379 теңге.

Ұлттық Банктің 26 наурыздағы ресми бағамы 1 доллар үшін 378,17 теңгені құрайды.

Похожие материалы