Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 377,54 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (376 теңге / $1) ұлттық валюта 1,54 теңгеге арзандады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 377 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 377,95 теңге, жабылу курсы бір долларға 377,65 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 28 млн 250 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 68.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 378 теңге, Алматыда – 378,2 теңге.
Ұлттық Банктің 14 ақпандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 373,56 теңгені құрайды.