Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңге бағамы сәл ғана көтерілді

Теңге бағамы сәл ғана көтерілді

Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 380,78 теңгені құрады. 30 сәуірдегі таңғы сессиямен салыстырғанда (381,13 теңге/$1) ұлттық валюта 0,35 теңгеге қымбаттады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 380,30 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 381,15 теңге, жабылу курсы бір долларға 380,30 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 28 млн 50 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 78.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 382 теңге, Алматыда – 382,5 теңге.

Ұлттық Банктің 2 мамырдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 381,08 теңгені құрайды.

Похожие материалы