Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңге бір апта ішінде 1,0%-ке нығайды

Теңге бір апта ішінде 1,0%-ке нығайды

Алматы. 12 ақпан. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі 1- 8 ақпан   аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады, - деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

8 ақпандағы  сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық  бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 1,0%-ке нығайып  (382,74-тен) 378,73 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюталық нарықта 2019 жылғы 1 ақпаннан 8 ақпан  аралығында неғұрлым маңызды оқиғалар Австралия мен Ұлыбританияның ОБ-нің негізгі мөлшерлемелер деңгейлерін сақтап қалу туралы шешімдері, АҚШ-тың сауда балансы тапшылығының  2018 жылғы қарашада төмендеуі туралы статистиканы жариялау, АҚШ пен ҚХР көшбасшыларының 1 наурыздағы  кездесулерінің өту күмәнділігі туралы, сондай-ақ  таяу уақытта елдер арасында сауда-саттық мәміле жасасудың екіталай болуы туралы хабар, ІЖӨ-нің 2019 жылы еуроаймақта (1,3%-тен 1,9%-ке дейін), Австралияда (2,5%-тен 3,25%-ке дейін) және  Англияда (1,2%-тен 1,7%-ке дейін) өсуі болжамының төмендеуі, ЕО-да Брексит бойынша келісім жобасы жөнінде келіссөздер өткізу болды. Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда нығаюына  әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

Мексика песосы  0,2%-ке (19,11-ден 19,08-ге дейін) нығайды. ОБ негізгі мөлшерлемені 8,25%-дық деңгейде сақтау туралы шешім қабылдады, инфляция қарқыны қаңтарда баяулады.

Ресей рублі  Moody’s агенттігінің Ресейдің кредиттік рейтингін инвестициялық деңгейге дейін көтеруі аясында 0,1%-ке (65,48-ден 65,44-ке дейін) нығайды. Ресейдің ОБ негізгі мөлшерлеменің  деңгейін өзгеріссіз сақтап қалды;

Индонезия  рупиясы ағымдағы шот тапшылығын 2018 жылы ІЖӨ-нің 2,98%-не дейін кеңейту туралы статистиканы жариялау аясында 0,1%-ке  (13 948-ден 13 955-ке дейін) әлсіреді;

Үндістан рупиясы талдаушылардың негізгі мөлшерлеменің өзгермейтін деңгейде сақталуы туралы күтулеріне қарамастан оның 6,25%-ке дейін төмендеуі (6,5%-тен)  аясында бір АҚШ доллары үшін 71,26 рупийден  71,26 рупийге дейін  біраз әлсіреді;

Түрік лирасы сауда-саттық келіссөздерге қатысты қауіптенуге және 2019 жылы еуроаймақтағы экономиканың өсуінің баялауына байланысты АҚШ долларының жалпы нығаюы аясында 0,8%-ке (5,21-ден 5,25-ке дейін) әлсіреді;

Бразилия реалы ОБ-нің негізгі мөлшерлемені 6,5%-дық деңгейде сақтап тұру туралы шешімінің және қаңтарда инфляция қарқыны өсуінің талдаушылардың күтулерінен төмен болуы аясында  1,9%-ке ( 3,66-дан 3,73-ке дейін) әлсіреді;  Оңтүстік Африка ранды  ОАР Президенті Сирил Рамафостың ұлтына үндеумен шығуы мен оның Эском мемлекеттік энергетикалық компанияны құтқару бойынша жоспарына қатысты сынның аясында  2,3%-ке (13,32 –ден 13,62-ге дейін) әлсіреді.

Похожие материалы