Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Tengri Bank» АҚ туралы

«Tengri Bank» АҚ туралы

«Tengri Bank» АҚ - Қазақстан Республикасының коммерциялық банкі.

Банк жұмысын алғаш рет "Данабанк" Акционерлік қоғамы деген атпен 1992 жылы қазанда бастады. Бастапқы жарлық капиталы 6 400 мың рубльмен негізделген. 19 жыл бойы Қазақстан Республикасының банк заңымен қарастырылған, банктік және басқа қызметтер нарығында қаржылық қызметін жүзеге асырды.

Сонымен бірге экономиканың күрделі транформация процессі шарттарындағы, нарыққа өтумен, және қаржылық қызметтерін көрсету нарығындағы бәсеке күреске байланысты функциялаудың сынауларына шыдады.

2006 жылы 28 тамызда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңымен сәйкес Данабанк АҚ-ның заңды мекен жайының өзгеруі және жарғысының келтірумен байланысты банк қайта тіркеуден өткізілді. Бас банктің Павлодар қаласынан, Алматы қаласына қайта дислакциясы іске асты.

2010 жылдың 13 желтоқсанда , Punjab National Bank Үндістан (Үндістанның екiншi ең iрi банкі ) «Данабанк»-тың акцияларын сатып алды, сөйтіп «Данабанк» акционерлік қоғамы "Punjab National Bank" - Қазақстан" Еншілес банкі" Акционерлік қоғамына атын өзгертті, қысқаша "PNB"- Қазақстан" ЕБ" АҚ.

"Punjab National Bank" – Қазақстан” Еншілес банкі" Акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасының аумағындағы шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуды қаржыландыру үшін өз күштерiн жұмылдыруға ниет еткен, ауыл шаруашылығы секторын жеке алғанда. Үндi әрiптес өз қатысуын ТМД елдерінде кеңейтуi үшiн негiз ретiнде қазақстандық банкті қолдануды жоспарлайды»,- банк хабарламасында айтылады.

Банк қаржылай - орнықты коммерциялық банкболып табылады. Алматы , Қарағанды, Павлодар, Астана қалаларында филиалдары бар, бұдан басқа, банк жақын арада Қазақстанның басқа өлкелерiнде филиалдар ашуға ниет етеді.

Банк Қазақстан Республикасының қаржы мамандары қауымдастығының, жеке тұлғалардың салымдарына (сақтандыру) кепілдік беру Қазақстандық қорының, Қазақстандық ипотекалық кредитке кепілідік беру қорының, Қазақстандық қор биржасының мүшесі.

Банктің басты стратегиялық мақсаты- жоғары деңгейдегі сенімділікпен, өз клиенттеріне сәтті қызмет етуіне ықпал ететін және оларға сапалы қызмет қамтамасыз ететін әмбебап, тез дамитын қаржылық институт болу.

Негізгі акционерлері: 1) Үндістанның Punjab National Bank атты 6000-нан астам түрлі  кеңселері арқылы 87 миллион клиентке қызмет көрсететін мемлекет меншігіне айналған банкі (49% иеленеді). Әлемдегі ең ірі деген қалаларында филиалдар мен өкілдіктері бар. Бүгінгі күні Үндістанның Punjab National Bank-і банктердің арасында тұрақты және өз заманына сай банктің дәстүрін сақтай келе   қауіпсіздігі, сенімділігі және банк ісі бойынша мықтылардың бірі болып саналады.

2016 жылдың 9 наурызында "PNB Қазақстан Банкі" АҚ, банктің жаңа даму стратегиясына байланысты атауын "Tengri Bank" АҚ етіп өзгертті.

Мәліметтер банктің ресми сайтынан алынды

Похожие материалы