Познавательный
Tesla-ның мото-аналогы пайда болды
Атақты электромобиль өндіруші калифорниялық Tesla Motors компаниясы электромотоцикл жасап шығарады десе сенер ме едіңіз? Әрине, сенесіз! Бірақ мына электромотоциклдың Tesla Motors-қа ешқандай қатысы жоқ. Бұны Янс Слепинс есімді әуесқой өнертапқыш-дизайнер құрастырып шығарған. Tesla Model S-тің мото-аналогы ретінде құрастырылған бұл мотоциклге Project M деген атау берілген.
Электробайктың сыртқы келбетіне қарап-ақ адам қиялының мүмкіндігінің шексіздігін байқайсың. Оған қоса, түсі де әдемі таңдалған электробайктың салмағы бар болғаны 230 кг. Корпусы алюминийден, дөңгелегі карбоннан құйылған электромотоциклге 150 кВт/сағ аккумулятор орнатылған. Салыстыру үшін айта кетсек, Teslа Model S злектромобиліне орнатылған батареяның сыйымдылығы 70 кВт/сағ.
Әзірге біз анықтаған техникалық сипаттамасы осы ғана. Бағасы да дәл қазір анықталмады.