Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев Үкіметке экспорттық жобалардың тізімін анықтауды тапсырды

Тоқаев Үкіметке экспорттық жобалардың тізімін анықтауды тапсырды

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда экспорттық жобалардың тізімін анықтауды және оларды қаржыландыру мәселесін шешуге тапсырма берді, - деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Мен Үкіметке және «Бәйтерек» холдингіне экспорттық жобалардың нақты тізбесін анықтауды және оларды қаржыландыруды қамтамасыз етуді тапсырамын, халықаралық сапа стандарттарын енгізетін және жаңа нарықтарға шығатын кәсіпорындарға бірінші кезекте мемлекеттік қолдау көрсетуге тиіс», - деді Тоқаев жұма күні Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында.

Мемлекет басшысы сондай-ақ, Үкімет пен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық экспорттаушылардың мүдделерін белсенді түрде көтеруге тиіс екенін айтты. ЕАЭО ортақ нарығын демпингтік, контрафактілік тауарлардан және үшінші елдерден жосықсыз бәсекелестіктен қорғау жөніндегі жұмысты үйлестіру қажет.

Похожие материалы