Выбор редактора
Toyota Camry 60-тың Азия елдері мен ТМД нарығына арналған түрі таныстырылды
Шанхай. 24 сәуір. 7kun.kz - Шанхайдағы автосалонда Toyota компаниясы Camry-дің 60 маркасының ТМД мен Азия елдеріне арналған түрін таныстырды, деп жазады autoreview.ru.
Toyota Fun деп ат алған автокөліктің АҚШ нарығына арналған нұсқасы жылдың басында таныстырылған еді.
Азия, ТМД соның ішінде Қазақстанға келетін түрінің АҚШ нарығына арналғанымен айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Екеуі де TNGA платформасында құрастырылған.
Тек біздің нарыққа арналған Camry-дің алдыңғы, артқы фары жіңішкелеу, артқы нөмірі жүк салғышта емес, бамперде орналасады. Сондай-ақ артқы терезесінің формасы сәл өзгешелеу.
Алдын-ала мәліметтерге қарағанда Camry 60 немесе Toyota Fun алдағы күзде Азия мен ТМД елдерінде сатылымға шығуы мүмкін. Біздің нарыққа арналған көлік Қытайдың Гуанчжо, Ресейдің Санкт-Петербург қаласында құрастырылады.
Айта кетейік Camry-дің бұған дейінгі үлгісінде АҚШ пен Азия елдеріне арналған түрінде айтарлықтай өзгешелік бар еді. Мысалы дизайны, салоны мен аттық күші бөлек еді.