Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz - 2016 жылы германиялық Volkswagen AG сатылым бойынша жапондық Toyota Motor Корпорациясынан озып кетті. Бұл туралы Dow Jones Newswires хабарлайды.
Тойота компаниясы өткен жылы әлем бойынша 10,2 млн автокөлік сатты. Ал Volkswagen-нің сатылымы 10,3 миллионды құрады.
Жапондық автокөлік саудасының бәсеңдеуіне америкалық нарықтың седаннан, біртіндеп пикаптарға және жол талғамайтын көліктерге ауысуы себеп.
Toyota 2008 жылы General Motors-тан озып, содан бері әлемдік автонарықта көш бастап келген. Тек 2011 жылы ғана Тойота жер сілкінісінен кейін актокөлік шығарылымын қалпына келтіріп үлгермей қалды.
Ал Америкалық General Motors 2015 жылы әлемдік рейтингте үшінші орынды иеленген еді. Ол 2016 жылғы сауда туралы әлі есеп берген жоқ.
General Motors 2008 жылға дейін 77 жыл бойы әлемдік нарықтың тұрақты көшбасшысы болған.
Айта кетейік, Toyota сатылым бойынша соңғы бес жылда бірінші рет артта қалды.
Volkswagen концерні Еуропадағы ең ірі автоөндірушілердің бірі. Ол Volkswagen, Audi, Skoda және Seat маркаларын шығарады. Сондай-ақ, корпорация құрамында Lamborghini, Bentley және Bugatti сияқты әйгілі маркалар бар. Компания сонымен қатар Volkswagen Commercial Vehicles еншілес құрылымы арқылы Scania жүк көлігін шығарады. 2015 жылы корпорация дизель двигательдерге зиянды қалдықтардың көлемін азайтатын қондырғы орнатқаны үшін дауға қалған еді. Мұның салдарынан басқарма төрағасы Мартин Винтеркорн 22 қыркүйекте қызметінен кетіп, АҚШ -та Volkswagen автоконцерніне 80 млрд доллар көлемінде айыппұл салу үшін сот басталған еді. Алайда мұның барлығы 2016 жылы сатылым бойынша көш бастауға әсер етпеген.