Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Toyota Ресейден 4 мыңнан астам көлікті қайтарып алмақшы

Toyota Ресейден 4 мыңнан астам көлікті қайтарып алмақшы

Жапондық Toyota автокөлік жинаушы концерні РФ-да 2014 жылдың 15 тамызы мен 2014 жылдың 22 желтоқсаны аралығында жасалынған 4 мың 279 Toyota Highlander автокөілігін қайтарып алуда.

Қайтарып алу руль басқаруының электр күшейткішінің электронды басқару блогының (ЭББ) тексерілуіне байланысты. "Жеткізуші-зауытта кейбір Toyota Highlander автокөліктерінде руль басқаруының электр күшейткішінің ЭББ жасау кезінде оның платасындағы резистор зақымданған болуы мүмкін", - деп түсінік берді Toyota өкілі.

Оның айтуынша, автмобильді пайдалану кезінде резистордың зақымдануы кедергінің артуына әкеліп соқтыруы мүмкін. "Мұндай жағдайда ЭББ тізбекте ток өзгерісін анықтай алады - және автокөліктің аспаптар тақтасында руль бақаруының электр күшейткішінің ақаулығын білдіретін шам жануы мүмкін. Электр күшейткіш сөнген жағдайда рульді басқаруға болады, алайда автокөлік төмен жылдамдықта қозғалған кезде руль дөңгелегіндегі күш артуы мүмкін", - деді ол, сонымен қатар айтылған жағдайға байланысты әлемде бір де бір жазатайым оқиға болмағандығын айтты.

"Ресейдегі Toyota-ның дилерлік орталықтары клиенттерді руль басқаруының электр күшейткішінің ЭББ-сін тексеруден өткізу қажеттілігі туралы хабардар етеді. Сонымен қатар клиенттер олардың автокөлігі арнайы сервистік кампанияның әрекетіне жатқызылғандығы туралы ресми сайттан біле алады", - деп мәлімдеді Toyota. Бұл ретте осы кампанияға қатысты барлық жұмыстар тегін жүргізіледі және жарты сағаттан үш сағатқа дейінгі уақытты ғана алады.

Похожие материалы