Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Трамп ФҚЖ-ны ұстап алды ма?

Трамп ФҚЖ-ны ұстап алды ма?

НЬЮ-ЙОРК – Америка Құрама Штаттары президентінің ең маңызды өкілеттігінің бірі - елдің заңдары мен нормативтік-құқықтық актілерін іске асыруға жауапты және көптеген жағдайларда экономиканы реттейтін агенттіктердің мүшелері мен басшыларын тағайындау. Және онда Федералдық қор жүйесінен бірде-бір мекеме маңыздырақ емес шығар.

Дональд Трамп осы уәкілдігін іске асыра отырып, жақсы қызметі байқалған адамды, партиясыз, өзі ғана ФҚЖ төрағасы ретінде сайлап, жарты ғасыр артқа басып, бұрыннан келе жатқан дәстүрді бұзды. Әсіресе осындай қиын кезеңде Джанет Йелленден гөрі жақсы жұмыс істеген төраға жоқ шығар.

Ал оның алдындағы екі бұрынғы басшылар ФҚЖ-ның беделін айтарлықтай түсірді, себебі олар жиналып жатқан үлкен тәуекелдер мен қаржы секторындағы елеулі айлакерлікті елемеді, ал Йеллен болса қордың беделін қалпына келтірді. Ол сабырлығы арқасында ішінде әртүрлі экономикалық философиялар бар федералдық қор кеңесінің ауызбірлігін қамтамасыз етті және ол екіжүзді республикашылдар бюджет тапшылығының қауіп-қатерін асыра айтқандықтан фискалдық саясат орынсыз шектелген кезеңде, экономиканы баяу қалпына келтіру жолымен апарды. Республикашылдардың бюджеттік бақылауға деген әлсіз міндеттемесі қазір корпорациялар мен миллиардерлерге арналған салықты қысқартуды қолдауында көрініп жатыр, ал бұл салық жеңілдіктері келесі онжылдықта бюджет тапшылығына 1,5 трлн доллар қосады.

Бірақ партиясындағылар радикалды шешімдерге итермелеген кезде Трамптың ұстамды жағдайды таңдауын атап өту керек. Трамп, мүдделер қақтығыстарынан ешқашан бас тартпайды, және ол экономикалық саясатты қабылдауда өзіне жеке пайдасы тиетіндерін, мысалы салық жеңілдіктері тәрізділерін таңдайды. Ол экстремисттердің пайыздық мөлшерлемелерді көтеретінін - ал бұл кез-келген жылжымайтын мүлік саласындағы кәсіпкердің ең қорқатын жағдайы екенін түсінді.

Трамп басқа әдісті қолданды - ол экономист емес адамды таңдады. ФҚЖ келесі бес жылда үлкен қиындықтарға тап болады, өйткені ол қалыпты саясаттарға қайта оралады. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер нарықтық дағдарысты тудыруы мүмкін, себебі активтер бағалары елеулі «түзетуден» өтетін болып отыр. Көптеген адамдар келесі бес жылда үлкен құлдырауды күтеді; себебі, олай болмаса, онда экономиканың бұрын орын алмаған, онжылдыққа созылған кеңеюі орын алады еді. Соңғы онжылдықта ФҚЖ құралдарының жиынтығы айтарлықтай кеңейтілгенімен, ФҚЖ-ның төмен пайыздық мөлшерлемелері мен үлкен теңгерімі - және, бәлкім, Трамптың салық жеңілдіктері салдарынан қарыздың ұлғаюы- осындай мәселелерді шешу тіпті ең керемет экономистке де қиын болады.

Ең бастысы, ақша-несие саясатын бұзу үшін екі жақты (және жаһандық) күш салынды. Ақша массасын бақылау арқылы ФҚЖ үлкен экономикалық қуатқа ие және мұндай билік қысқа мерзімде қосымша жұмыс орындарын құру тәрізді саяси мақсаттарда оңай пайдаланылуы мүмкін. Бірақ, ұсақталмайтын қағаз ақша әлеміндегі орталық банктерге деген сенімнің жоқтығы (себебі орталық банктер өз қалауы бойынша ақша шығара алады) ішінара инфляция қорқынышы салдарынан ұзақ мерзімді экономикалық көрсеткіштерді әлсіретеді.

Тікелей саясаттандыру болмаған жағдайда да ФҚЖ әрқашан Уолл-стриттен төнетін «когнитивті басып алу» мәселесіне тап болады. Осы жағдай Алан Гринспен мен Бен Бернанке жауапты тұлға болған кезде орын алған. Біз бәріміз мұның салдары туралы білеміз: ғасырдың үш тоқсанында орын алған ең үлкен дағдарыс тек үкіметтің елеулі араласуының арқасында ғана біраз шешілді.

Дегенмен, Трамп әкімшілігі он жыл бұрын болған жағдайды ұмытып кеткен сияқты. Себебі, дағдарыс қайта орын алуының алдын алу үшін құралған 2010 жылғы Додд-Франк регламентін жоюға оның барынша тырысуын қалай түсіндіруге болады? Уолл-стриттен тыс жерде айтылған бір тұжырым бойынша Додд-Франк тиімді болмады. Шамадан тыс тәуекелді өзіне алу және жыртқыштық мінез-құлық әлі де нақты мәселе болып табылады, өйткені біз мұны жиі көріп отырмыз (мысалы, субстандартты авто несиелердің өсуі туралы баяндамалар арқылы). Жақында орын алған зұлым істердің бірінде Wells Fargo-ның банкирлері қосымша қаражат жинау үшін клиенттерге айтпай, олардың атынан шоттар ашқан.

Әрине, кәсіпкер ретінде, Трамп мұндай істерді жақсы білер. Қуаныштысы, Пауэлл жақсы жобаланған қаржылық ережелердің маңыздылығын мойындайды.

Бірақ ФҚЖ-ны саясаттандыру, Трамптың бұрынғы басты стратегі Стив Бэннон «әкімшілік мемлекет» деп атағанға қарсы Трамп шайқасының бір бөлігі ретінде қарастырылуы керек. Бұл шайқас, өз кезегінде, ғылымның ағартушылық мұрасы, демократиялық басқару мен заңның үстемдігіне қарсы үлкен соғыстың бөлігі ретінде қарастырылу керек. Бұл мұраны қорғау қажет болған жағдайда сарапшылықты қолдану және Корнелл заң мектебіндегі Эдвард Стиглиц айтып өткендей, мемлекеттік мекемелерге деген сенімді орнатуға көмектеседі. Қазіргі зерттеудің үлкен бөлігі мұндай сенімсіз қоғам әлдеқайда нашар жұмыс жасайды деген пікірді қолдайды.

Күндер өткен сайын Трамп АҚШ қоғамын бөліп, оның терең қоғамдық және саяси араздықтарын өршіту үшін әрекет жасап жатыр. Нағыз қазіргі қауіп-қатер - бұл халықтың «Трамптың» қылықтарына соншалықты үйреніп, олар үшін «қалыпты» болып келе жатқандығы. Жетпіс жылдан астам уақыт бойы Америка өздері айтқан құндылықтарын қайтару үшін фанатизм, фашизм және нативизмнің барлық түрлеріне қарсы күресіп келді. Енді Америка президенті адам құқықтары бұзылуын қолдайтын саясаты бар, мазасыз, нәсілшіл ксенофоб болып тұр.

Республикашылдардың салықтық ұсыныстарын, денсаулық сақтауды реформалауға бағытталған күш-жігері (сақтандыруын жоғалтуы мүмкін ондаған миллион адамды ескермеген) мен олардың қаржылық реттеуден аулақ болуды жақтауын (2008 жылғы дағдарыстың салдарын елемей) біреулер қолдап, басқалары қолдамауы мүмкін. Бірақ, ФҚЖ қазіргі уақытта қауіпсіз жағдайда болса да, бұл күн тәртібінің әкелер экономикалық пайдасымен салыстырғанда, одан Трамптың Америкадағы ең құнды институттар мен құндылықтарға шабуылынан туындаған саяси және әлеуметтік тәуекелдер аса қатерлі болып тұр.

Автор туралы: Джозеф Стиглиц - экономика саласында Нобель сыйлығының лауреаты, Рузвельт институтында бас экономист, ал Колумбия университетінде профессор болып жұмыс жасайды. Оның ең соңғы кітабы - Еуро: ортақ валюта Еуропаның болашағына қандай қауіп төндіріп тұр.

Авторлық құқық: Project Syndicate, 2017. www.project-syndicate.org

Похожие материалы