Дональд Трамп - Америка Құрама Штаттарының 45-ші президенті. Алайда оның танымалдығы мемлекет басшысы болуында емес. Саясатқа келмей тұрып, Дональд көпшілікке бизнесмен әрі миллиардер ретінде танылды. Шындығында Трамп тәжірибелі кәсіпкер. Ол тез табысқа жетіп, соңғы тиынын санап қалған миллиардер. Банкроттан шыға білудің шебері. Міне, осындай қасиеттерге ие жылжымайтын мүлік саласындағы магнат кәсіпкерлікке қадам басым келе жатқандарға өзінің "Трамп. Қалай баюға болады" атты кітабында бірнеше кеңес береді.
1.Әрқашан өзіңіздің мәдени деңгейіңізге сәйкес киініңіз
"Бір кездері мен арзан костюмдер мен басқа да киімдерді сатып алатынымды мақтан тұтатынмын. Егер бір затты 100 долларға сатып ала алатын болсам, оған мың доллар төлеудің қажеті жоқ деп есептейтінмін. Кім білсін? Бірақ жылдар өте бұл пікірімнің дұрыс еместігін түсіндім. Қазір мен өте сапалы аяқ-киім сатып аламын, және ол маған мәңгілік тұратындай болып көрінеді. Ал арзан заттар санамда тоз тозы шыққан күйінде, яғни оған төлеген ақшамның мөлшерінде сақталады. Киім адамдарға аузымызды ашпай тұрып біз туралы пікір қалыптастыруға себеп болады".
2. Өз беделіңізге қасақана нұқсан келтіріңіз
Мұқият таңдалған ақпаратты шығарып, қандай реакция болатынын көру үшін алдын ала ойластырылған арандатушылық пікірлерді айтыңыз. Күтпеген нәрсе айтқан кезде, сіз ашық жауап ала аласыз. Мен жиналыстарда басқа қатысушылардың менімен келісетінін немесе келіспейтінін анықтау үшін жағымсыз ескертулерді айтамын. Бұл үстел басында бірген отырған адамдарды бағалаудың жақсы әдісі.
3. Өз-өзіңізге жеке қаржылық кеңесші болыңыз
Кәсіпкерлердің көпшілігі өзіне қаржы кеңесшісін жалдайды, бірақ мен оладың адамдарды құлдырауға дейін жеткізгенін тайлай рет көрдім. Кеңесшілерді таңдағанда, танымал бизнес-басылымдардан оқыған деректер арқылы қалыптасқан өзіңіздің жеке пікіріңізге сүйеніңіз. Мұндай басылымдарды оқығанда сіз нарықта не болып жатқанын сезінесіз әрі жақсы кеңесшілерді де табасыз. Жеңімпаздарды ұстаңыз.
4. Есеңізде жібермеңіз
Егер біреу сізге үстемшілдік жасаса, сізде сол темпен жауап қайтарыңыз. Егер сізді қорласа, барлық күш-қайратыңызбен шабуыл жасаңыз. Қанға-қан, жанға-жан. Сенгіш болмаңыз. Мен бұл нәрсенің жақсы емес екендігін білемін, алайда ең жақын досыңыздың өзі сіздің әйеліңізге немесе ақшаңызға көз салуы мүмкін.
5. Шаштараз өнерін назардан тыс қалдырмаңыз
Мені шаш тарауыма, оны қою үлгіме байланысты жиі сынға алады. The New York Times менің шашымды "сәулет сыншыларына сотқа беретін күрделі құрылым" деп атаған. Менің ойымша, ол жақсы көрінеді, бірақ мен ешқашан шаш үлгісі - бұл менің күшті жағым деп айтпағанмын. Дегенмен мені парик киесіз бе деп сұрайтындар таң қалдырады.
Менің жауабым: жоқ. Мен мүлдем парик кимеймін.
6. Қол алысудан аулақ болыңыз
Кейбіреулер қатты қол алысуға сенеді. Мен қол алысудың жоқтығына сенемін. Суық тигізген адамдар келіп, "Трамп мырза мен сіздің қолыңызды алғым келеді" дейтін жағдайлар көп кездеседі. Микробтардың осы жол арқылы жұғатыны белгілі ғой.
7. Инстинкттеріңізге бағыныңыз
Кәсіпкерлік - топтық жұмыс емес. Сіз өзіңізге сенуіңіз керек. Сізде бірнеше академиялық дипломдар болуы мүмкін, бірақ инстинктсіз бізге биікке көтерілу және сол биіктікте өз орныңызды сақтап қалу қиын болады. Бұл тіпті нәзік іскерлік инстинктерге ие адамдар үшін де жұмбақ болып қала беретін сұр аймақтардың бірі. Белгілі бір мәміле жасасу немесе жасамау, қандай да бір адаммен байланыс орнату не орнатпау туралы сигнал беретін белгілер бар.
8. Оптимизмді сақтаңыз, бірақ сәтсіздіктерге дайын болыңыз
Шарықтау мен құлау бар, бірақ егер сіз оларға дайын болсаңыз, онда осындай сәттерді өткере аласыз. Мәселені күте білу мені шектен тыс энергия шығынынан құтқарды, сізді де жағымсыз тосын сыйлардан құтқарады. Шарықтау мен құлдыраудан құтыла алмайсың. Мен өте сақ адаммын, бірақ пессимистпін дегенді білдірмейді. Мұны шындық тік қарап, позитивті ойлау деп атаған дұрысрақ.
9. Әрбір бөлшекке назар аударыңыз
Егер сіз өзіңіздің жасап жатқан ісіңіздің барлық қырларын білмесеңіз, жағымсыз тосынсыйларға тап боласыз. Бір кездері мен танымал нейрохирург туралы кітапты оқыдым, ол оталар туралы және оның ұйымдастырылуы жайлы көп білген. Ол таңғы жүгіріс кезінде алдағы болатын операцияға дайындалды. Нейрохирург әрбір аспектіні көз алдына елестетіп, барлық білімін және ота кезінде болатын әртүрлі қиындықтар мен ауыртпашылықтарды есіне түсірді. Бұл жерде айтқым келгені, бір іске егжей-тегжейлі назар аудару үшін міндетті түрде нейрохирург болудың қажеті жоқ.
10. Неке келісім-шарттарын жасаңыз
Егер мен неке келісім-шартын жасамасам, бұл кітапты көп нәрсесінен айырылған адам жазар еді. Ивоннаның адвокаттарын сотқа әкелу үшін автобус қажет болды, бірақ бақытыма орай, менің неке келісімім болды. Бесінші рет үйленетін досым маған былай деді: "Мен неке шарты қажет болмайтындай ғашықпын". Бір жылдан кейін оның некесі бұзылып, нағыз тозақтан өтуіне тура келді. Ол қорыққан күшікке ұқсады. Менің оған тілімнің ұшында тұрған сөзді айтуға батылым жетпеді - "Жолы болмаған адамсың!".