ПРИНСТОН – Ресейдегі төңкерістің биылғы жүзжылдығы Ұлыбританияда Брексит революциясынан кейінгі орын алған Америка Құрама Штаттарындағы Трамп революциясымен сәйкес келеді. 1917 жылы большевиктер сияқты, Трамп және Брексит артындағы саяси қозғалыстар өздерін халықаралық көтерілістің авангарды деп санайды; Біріккен Корольдіктің Тәуелсіздік партиясының көшбасшысы Найджел Фарадж мұны «ұлы жаһандық революция» деп айтып өткен.
Бірақ бүгінгі революционерлер тарихтан алған сабақтарды ұмытпауы керек. Орыс революциясы көптеген адам өмірін қиып, әл-ауқатына зақым келтірді, бірнеше қазіргі заманғы тарихшылар ол сындарлы бір нәтиже берді деп де санамайды. Ал Ленин революциялық қозғалыстар танымал болмаса да, сайып келгенде, қажетті болатын әкімшілік мемлекет немесе бюрократияға бағытталатынын түсінген саяси пионер болды.
Большевизм сияқты жаңа революциялық қозғалыстар, олар қатыгез және тежеуші деп санайтын халықаралық тәртіпке қарсы шығады. Ленин үшін, бұл тәртіп Ресейді, ол қаламаса да, Германияға қарсы I дүниежүзілік соғысқа алып келген Батыс өкілеттігі болды. Трамп үшін болса, ол бұлыңғыр «жаһандану» терминімен бекітілген: «бізді іс жүзінде әлемде әрбір ұлт пайдаланып жатыр. Бұлайша енді жалғаспайды».
Ал бұл қозғалыстың негізгі жаулары әдетте шетелдік емес, отандық болады. Жақында орын алған консервативтік саяси іс-шараларға байланысты конференцияда айтылған сөзінде, Трамптың бас стратегі, Стивен Бэннон американдық егемендік үшін төңкеріс басталды деп жариялады. Бұл төңкерістің басты ерекшеліктері ол экономикалық ұлтшылдық пен «әкімшілік мемлекетті ыдырату».
Барлық революциялық бағдарламаларда сияқты, Трамп және Бэннонның тәсілі түбегейлі мемлекет пен мемлекеттік билікті қайта қарастыру туралы болып табылады.Бірақ бүгінгі революция басшылары солшыл немесе оңшыл жаққа жатпайды, себебі олар ұқыпсыз түрде екеуінен де идеяларды алады. New York Times Трампқа жақын бір «адам» айтқандай, Трамтың өзі Бэннонның «альтернативті оңшыл немесе солшыл» екенін түсінбейтінін мәлімдеді.
Трамптың ішкі саяси күн тәртібінің қандай санаттарға жататынына қарамастан, оның шетелдік тауарлар, капитал және адамдарға ашық болу принципі осы ағындарын реттеу үшін кешенді жүйемен қосарланған әлемге деген жауабы болып табылатыны анық. Шетелдік тауарлар ұлттық қауіпсіздік және өнім туралы ақпараттық стандарттарға сәйкес болуы қажет; капитал ағындары банктік несиелеуді бақылау арқылы басқарылады; және көші-қонды көптеген тексерулер мен шарттар шектейді.
Tрампизм бойынша, елді халықаралық араласудан құтқару өмірді жеңіл, кем реттелетін, сондай-ақ әкімшілік басымдылықтан босатады. Бұл жаһандануды күрделі және түсінуге қиын деп санайтын көптеген қарапайым азаматтар үшін қызығарлық ұсыныс болып табылады. Көптеген адамдар бюрократтық сөзбұйдадан шаршаған. Бірақ, әрине, мемлекет өнімнің сапасы мен қауіпсіздігінен бастап қаржылық қызметтер және еңбек нарықтарына дейін бәрін реттейтін отандық шараларда да сондай сөзбұйда жетерлік.
Брексит жағдайында, бастапқы «шығамыз» деген белсенділер «сарапшылар» мен «адамдар» арасында бөлуді жасап, сол сарапшылар шамасы көптеп отырған британдық мемлекеттік аппаратты бөлшектеуге шақырды. Бұрынғы Әділет министрі және консервативтік партиядан Брексит көшбасшысы Майкл Гоув айтқандай, «осы елдің адамдары сарапшылардан нық тойған» және ол үкімет пен мемлекеттік қызметті өзгеруі үшін «үлкен өзгерістер» қажет деп айтып өтті.
Революционерлер билікке келгеннен кейін, олар консервативті «терең мемлекет» «халықтың» еркіне кедергі тудыра отырып, олардың да беделін түсіреді деп санай бастайды. Осылайша, Ұлыбритания сыртқы істер министрлігін Еуропалық Одақ білімдарларымен тығыз қатынаста деп айыпталу басталып; ал АҚШ барлау қызметтері «халық жауына» айналған баспасөз ақпарат құралдарына ақпаратты таратып жатыр деп айыпталуда.
Алайда, революционерлер мемлекетке қарсы соғысында тым алысқа кетсе, оларды басқа да мәселе күтіп тұрады. Ескі истеблишемент мүшелері ғана істерді тындырып, нақты мемлекеттік бағдарламалар туралы жеткілікті білетін адамдар. Сайып келгенде, революционерлер өз қолдаушыларының түбегейлі тілектерін сатып кету және мемлекетпен жанжалдың күшеюі арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысуы керек болып, басқа ешқандай саяси мақсаттарға қол жеткізе алмай қалады.
Осындай динамика Ресей революциясына да тән болған. Мемлекеттік қызметшілер, яғни шенеуніктер жаулар деп жарияланды. Сонымен қатар бюрократия революциялық идеялардың толық жүзеге асырылуын болдырмайды деген алаңдаушылық радикалдануды қоздыра бастап, революциялық партия мемлекетті мүлдем ығыстыруы керек деген идеяны күшейтті.
Бірақ сол ескі проблема бұл жерде де қайта пайда болды. ХХ ғасыр басында Ресей қоғамы өте күрделі болды. Қалыпты күнделікті өмірді жалғастыруды қамтамасыз ету үшін әкімшілік дағдыларын түрлі түрлері қажет болды, мысалы теміржол желілерін басқару немесе әскерді қаржыландыру мен жабдықтау. Лев Троцкий үшін, Ленин қайтыс болғаннан кейін билікке Сталиннің келуі контрреволюция болды. Троцкий сияқты шынайы революционерлер шенеуніктермен ауыстырылғанда кезде революцияға нағыз «сатқындық» жасалды.
Тарих тағлымы революционерлер мемлекеттік билікті тартып алғаннан кейін шешілмейтін дилемма тап болуында жатыр. Революция тез дамыса, онда оның жарамсыздық, көңіл қалу, мыстандарды аңду, және зорлық-зомбылықтың қайталанатын циклімен сипатталатын ыдырауы орын алады. Бірақ, егер оның басшылары революциядан бас тартса, бос сөз айтушылар болып шыға келеді.
1917 жылғы бірінші революция Николай патшаны құлатып, социалистік көшбасшысы Александр Керенский бастаған уақытша үкіметті құрды, бірақ ол өтпелі болып шықты. Ленин Керенскийді жұмысшылар мен шаруалар алдауды жалғастыру үшін ескі үкімет ойнаған «балалайка» деп сипаттаған. Бірақ, Ленин мен большевиктерді билікке әкелген екінші революция да сатқындықпен айыптылған режимді құрған.
Бүгінгі революционерлер билігін қолдана бастаған сайын, біз әкімшілік мемлекетттен сатқындық туралы әлдеқайда көбірек әңгіме естуімізді күтуге болады. Бірақ бұл мемлекет өткен уақыттағыға қарағанда әлдеқайда үлкенірек және мықтырақ, сәйкесінше, радикализм шығындары да күштірек болуы мүмкін.
Автор туралы: Гарольд Джеймс Принстон университетінде тарих және халықаралық қатынастар профессоры және халықаралық басқару инновациялар орталығының аға ғылыми қызметкері болып табылады.
Авторлық құқық: Project Syndicate, 2017. www.project-syndicate.org