Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Цеснабанктің таза пайдасы 3 есе азайды

Цеснабанктің таза пайдасы 3 есе азайды

Алматы. 3 тамыз. 7kun.kz – 2018 жылдың I жарты жылдығында Цеснабанктің таза пайдасы 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 есе (9,4 млрд теңгеден - 3,1 млрд теңгеге дейін) азайды.

Салық төлегенге дейінгі таза пайда $ 2 млрд теңгені құрады.

Операциялық кірістер 2018 жылдың I жарты жылдығында 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе артық (3,4 млрд теңгеден - 7,5 млрд теңгеге дейін) өсті.

Таза пайыздық табыс 11%-ға, яғни 35,2 млрд теңгеге дейін азайды.

2018 жылдың бірінші жартысында банк активтері 3,4%-ға 2,4 трлн теңгеге дейін, капитал - 17% -ға 184,3 млрд теңгеге дейін, міндеттемелер - шамамен 2%-ға 2 трлн теңгеге дейін азайды.

Похожие материалы