Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тұрғын үй құрылысына инвестиция 17%-ға өсті

Тұрғын үй құрылысына инвестиция 17%-ға өсті

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz  - 2019 жылдың төрт айында тұрғын үй құрылысына инвестиция көлемі 321,9 млрд теңгені құрады, жылдық өсім бірден 17,1% болды. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.

2018 жылы тұрғын үй құрылысына инвестициялар 1,2 трлн теңге көлемінде рекордтық соманы көрсетті. Бұл бір жыл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 18,6% - ға артық (979,8 млрд теңге).

Тұрғын үй құрылысына инвестициялардың өсуімен бірге тұрғын үйді іске қосу белсенді түрде өсуде. Ағымдағы жылдың тарихи динамикадағы тиісті кезеңдегі көрсеткіштері барынша жоғары болды. 2018 жылы 38,7 мың тұрғын үй құрылысы пайдалануға берілді, бұл  - барлық уақыттағы рекордтық көрсеткіш. Бір жыл ішіндегі өсім 39,1% - ды құрады.

Айта кетейік, 2019 жылы 13,1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл ретте 2019 жылдың төрт айында пайдалануға берілген жаңа ғимараттардың жалпы ауданы 3,5 млн шаршы метрді құрады.

Похожие материалы