Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Түркіменстанда долларды талонмен сатып алу жүйесі енгізілді

Түркіменстанда долларды талонмен сатып алу жүйесі енгізілді

Түркіменстанда доллар мен еуроны сатып алудың жаңа ережесі енгізілді. Енді Ашхабад тұрғындары валюталарды сатып алу үшін банктен арнайы талон алады, деп хабарлайды kapital.kz.

Валюта алуға арналған талондар банк картасы сияқты болады. Онда ақшаны қай жерден сатып алуға байланысты банк филиалы мен уақыты көрсетіледі. Доллар мен еуроны сатып алуға арналған талондарды банк береді. Бұл банк алдында пайда болған ұзын-сонар кезектің алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Түркіменстандық "Азатлық" радио қызметінің мәліметіне сәйкес, аталған валюталар банктердің бас кеңселерінде және ақша айырбастау бөлімдерінде сатылмайды. Ал "Түркіменстанның альтернативті жаңалықтары" порталының мәліметінше, 2015 жылы түркімен манатының әлсіреуіне байланысты халықтың долларға деген сұранысы артқан. Сондай-ақ, 2015 жылдың 1 желтоқсанында Түркіменстаннның Ұлттық банкі барлық айырбастау пунктерін жабу туралы шешім қабылданды. Шешімге сәйкес, валютаны айырбастау операцияларын тек банктік қызмет көрсету орталықтарында, бас кеңселерде, коммерциялық банктердің филиалдарында жүзеге асыруға болады. Фото: regionplus.az

Похожие материалы