Түркия ТМД елдерімен виза тәртібін енгізеді. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлайды.
2016жылдың маусымынан бастап, Әзірбайжан, Грузия, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Ресеймен виза ережесі орнайды.
Түркия СІМ өкілінің айтуынша, биылғы күзде Түркия Еуропалық одақпен визасыз тәртіпке көшеді. "Еуроодақтың талабы бұл ұйыммен осындай келісімі жоқ елдермен арадағы визасыз тәртіпті алып тастау болатын. Мәселен Еуропа одағымен осындай келісімге ие Грузия, Молдова және Украинаға қатысты Түркия аталған шешімді қабылдамауы да мүмкін», – деді Түркия СІМ өкілі.
Бұған дейін, Түркия шетелдік туристерді көбірек тарту мақсатында әлемнің көптеген елімен визасыз тәртіп орнатқан еді.
Фото: veters.kz