Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Twitter-ге классикалық ойындарды орналастыруға болады

Twitter-ге классикалық ойындарды орналастыруға болады

Twitter қолданушылары хабарлама алмасу қызметіне Internet Archive онлайн-кітапханасының классикалық ретрохиттарын орналастыруға болатынын тапты. Яғни, онлайн-кітапхананың коллекциясындағы ойындарды желі қолданушылары ойнай алады деп жазады The Guardian.

Twitter-де MS-DOS операциялық жүйесіне арналып жасалған 2400 ойынды орналастыруға болады. Соның ішінде, «Парсы ханзадасы» (Prince of Persia) және Сastle Wolfenstein ойындары да бар. Ойынды орналастыру үшін бар болғаны сілтемемен бөлісу керек. Хабарламада сілтеме интерактивті қосымша түрінде ашылады. Осыған дейін Internet Archive өз коллекциясын ашық етіп қойған болатын. Осылайша, интернет-браузерде ойнай беруге мүмкіндік ашылған еді. Бірақ, осыдан соң кейбір ойындар құқық иелерінің талаптарымен алынып тасталды. Тізімнен алынып тасталған ойындардың ішінде 1996 жылы шыққан Duke Nukem 3D бар. Олай болған себебі, аталған ойын әлі күнге дейін ресми сатылымда бар. Internet Archive — 2007 жылы Калифорния штатының атынан ресми түрде кітапхана мәртебесін алған коммерциялық емес ұйым. Штаб-пәтері Сан-Франциско қаласында орналасқан. Коллекциясында ойыннан бөлек, әуен, фильмдер және 3 мыңнан аса кітап қоры бар.

Похожие материалы