Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz - Twitter мен Bloomberg Media тәулік бойы жаңалық тарататын телеарна іске қосады. Бұл туралы m.lenta.ru хабарлады.
Жоба әлеуметтік желі платформасында онлайн-телеарна түрінде болады. Оны 2017 жылың күзінде іске қосу жоспарланып отыр. Телеарна әлем жаңалықтарын тікелей таратады. Сонымен қатар, Twitter қолданушыларының тексерілген видеоларын көрсетпек.
Bloomberg Media атқарушы директоры Джастин Смиттің (Justin Smith) айтуынша, халық жаңалықтарды теледидар арқылы тікелей эфирден көріп, оны әлеуметтік желілерде талқылайды. Ал, Twitter компаниясы осы әрекеттерді бір жүйеге біріктіреді.
Twitter мен Bloomberg өкілдері келісімнің қаржылық жағын айтпады. Алайда, арна жұмысын толығымен Bloomberg бақылайтыны белгілі. Одан бөлек, телеканалда жарнама да көрсетіледі.