Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Twitter жаңалықтар қызметін шығарды

Twitter жаңалықтар қызметін шығарды

Twitter Moments атты жаңалықтар мен оқиғалармен жұмыстың жаңа форматын ұсынды. Бұл жөнінде компанияның блогында жазылды.

Найзағай бейнесінде жаңа батырма 6 қазаннан бастап Android пен iPhone америкалық қолданушыларына қолжетімбі болды. Оны басу арқылы ағымдағы ең маңызды әрі қызықты деген жаңалықтарды қарауға болады.
Өзіңізге қызық тақырыпты таңдасаңыз, ең үздік твиттер, фотолар мен видеолар жинақтап береді. Жаңалықтар хронология бойынша орналасады: ескі жаңалықтардан соңғыларына дейін. Әрбір жазбаға ретвит жасауға, таңдаулыға қосуға болады.
Тұрақты жаңарып тұратын "сәттерге" арнайы жазылым жасай аласыз. Мәселен, марапаттау кештері, спорттық іс-шаралар т.б Сол тақырыпқа қатысты жаңалықтар лентаңыздан орын алады. Іс-шара біткен соң жазылым автоматты түрде өшеді.

Похожие материалы