Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚТЖ әлеуметтік көмек үшін 4,5 млрд теңге бөледі

ҚТЖ әлеуметтік көмек үшін 4,5 млрд теңге бөледі

Алматы. 4 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылы ҚТЖ әлеуметтік көмек үшін 4,5 млрд теңге бөлуді қарастырып отыр. Бұл қаражат 2017 жылмен салыстырғанда 16 пайызға артық, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

1 қаңтардан бастап «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ҰК» АҚ пен еңбек ұжымы арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған ұжымдық шарт күшіне енді. Ол келісімге 2017 жылдың желтоқсан айында компания жетекшілері мен салалық кәсіподақ өкілдері қол қойған болатын. Шартта еңбек құқығын қорғау бойынша әлеуметтік кепілдік, төлем жүргізу, еңбек қорғау, жұмысшылардың денсаулығын жақсарту мен демалыс беру жолдары қарастырылған.

ҚТЖ теміржолшылардың санитарлық-тұрмыстық және медициналық-профилактикалық қамтамасыз етілуі, зиянсыз әрі қауіпсіз еңбек шарттарын құру бойынша шараларды қабылдады.

«2018 жылы еңбек заңнамасына сәйкес, өндірістік шарттардың сапасын арттыру үшін біздің компанияның барлық филиалдарының айлық еңбекақы қорының 1 пайызын жұмсау ойластырылып отыр», - дейді «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ҰК» АҚ вице-президенті Иван Костыря.

Оның айтуына қарағанда, теміржолшының еңбегі өтеу ауыр.

«Мұнда ауыр дене еңбегін талап етеді және психологиялық-эмоциялық тұрғыда салмақ басым. Жұмыс көп қозғалысты қажет етеді. Бұл жерде шулы дыбыстар көп, жұмыстың көбі далада жасалады, сондықтан ауыр тиеді. Сол себепті, компанияда медициналық қамтуға баса маңыз беріліп келеді», - дейді ол.

2017 жылғы өндірістік бағдарламаны жүзеге асыру қорытындысы бойынша, өндірістік жарақат алу жағдайы 50 пайызға төмендеген.

Похожие материалы