Ресейлік УАЗ автокомпаниясы тежегіш бөлігінен табылған ақауға байланысты 4297 автокөлігін кері қайтарып алады. Қайтарып алынатын көліктер арасында Patriot жол талғамайтын көліктері мен шағын жүк көліктері бар. Барлық көліктер 2015-жылдың 23-наурызы мен 26-мамыр аралығында сатылған.
Ақау тежегіш шлангісінің дұрыс орнатылмауынан пайда болған. Нәтижесінде көліктегі тежегіш контуры жүйесіндегі қысым төмендеп, тежегіш істен шығады.
Пайда болған ақауларды жою жұмыстары компанияның барлық дилерлік орталықтарында жүргізіледі. Жұмыстың бәрі аталған көлік иелері үшін тегін жасалатын болады.