Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Украина студенттері "ақылды" әмиянның прототипін жасап шығарды (видео)

Украина студенттері "ақылды" әмиянның прототипін жасап шығарды (видео)

Украинаның Ұлттық кеме жасау университетінің студенттері Александр Гончаров пен Денис Корнейчук Indiegogo стартап-платформасындағы  County деп аталатын "ақылды" әмиянның прототипін жасап шығарды.

"Әмиян" кәдімгі әмиян формасында екі бүктеледі, бір жақ бетінде тачскринді дисплей орнатылған. Екінші бетіне ақша тексеретін ультракүлгін детектор және GPS модуль орнатылған. Әмиян сондай-ақ, ақша біткен кезде банк картасымен есептесуге арналған POS-терминалмен, Pay-pay төлем жүйесімен және RFID-скиммингтен қорғайтын синхронды технологиямен жабдықталған. Тачскринді дисплейдің көмегімен әмияндағы ақша сомасын білуге болады. Егер аталған стартап-жоба қолдау тауып, жоба шығыны - 200 мың доллар жиналса, County командасы жиналған соманың 20 пайызын бағдарламалық жүйе жасауға, 20 пайызын электроникасын жобалауға, 52 пайызын әмиян өндірісіне, қалған 3 пайызын жарнамаға жұмсамақ ниетте.

Похожие материалы