Киев. 19 мамыр. 7kun.kz - Украинада «ВКонтакте»-ні алмастыратын жаңа желі пайда болады. Канадалық әзірлеушілердің айтуынша жаңа желі 4 айда жасалады. Бұл туралы segodnya.ua хабарлады.
Жаңа әлеуметтік желі Ukrainians деп аталады.
"Алайда хат алмасу құралын жасау үшін оның украиндықтарға шынымен қажеттігін білуіміз керек" дейді әзірлеушілер.
Олардың айтуынша, егер 1 маусымға дейін қолдаушылар саны 50 мыңға жететін болса, олар интернет құралын бар болғаны 4 айда жасап шығамақ.
Еске салсақ, бұған дейін Украинада санкция енгізіліп ресейлік «ВКонтакте», «Одноклассники» әлеуметтік желілері мен «Яндекс» және «Mail.ru Group» қызметтері үш жылға бұғатталғаны туралы хабарлағанбыз.