Украиндық жолаушылар үшін әуебилеттер құны 13,5%-ға қымбаттады, себебі IATA билеттер сатылу жүйесіндегі гривна курсын жоғарылатты ( 1 доллар – 25,2 гривна) деп хабарлайды «Пилот» компаниясы.
Осыған дейін де әуе билеттер құны доллар курсының өзгеруіне байланысты 30 пайызға қымбаттаған еді. Ең ірі «Халықаралық Украина әуе желілері» компаниясында гривна курсы бір күн ішінде 30%-ға дейін құнсызданған.
Осыған дейін awianews.com порталы бұл жағдайды IATA жүйесіндегі курстың халықаралық банктегі курсқа тәуелді болғандығымен, ал оның өз кезегінде Ұлттық банктің көрсеткішке сүйенуіне мәжбүр болатындығымен түсіндірген еді.