Бүгінгі телеарналардың алдында тұрған өзекті мәселенің бірі - смартфон мен интернетке "байланған" көрерменді теледидар алдында тарту немесе телеөнімді сол интернет пен смартфон арқылы көрерменге жеткізу. Әйтеуір аудиториядан айырылмау басты міндет.
Оқырман назарын аудару уақыты 6 секундқа, көрермен назарын аудару одан да азайған тұста аудиторияны азайтпау күн тәртібінде тұр. АҚШ, батыстың телеарналары смартфон, интернет, әлеуметтік желі арқылы аудиторияны арттыруға барын салуда. Кешегі кеңестің құрамында болған едлер арасында бұл жағынан әзірге алда жүргені - Украина. Дағдарыс бұл елдің медиа, коммуникация, маркетинг, видеопродакшн салаларын басқаларға қарағанда алға жіберді. Қазіргі кезде Apple сияқты алпауыттардың өзі жарнамасын осы елде түсіреді. NewsNetwork телеарнасы осы елдегі үздіктердің бірі. Дәл қазіргі жағдайда бұл телеарна аудиториясын қалай жоғалтпай отыр? Интернет, смартфонды қалай пайдалануда? Шолып көрейік.
Көрерменмен кері байланыстың жаңа тәсілдері керек
2015 жылы хабар тарата бастаған NewsNetwork әлеуметтік желіні айналып кете алмады. Әлжелінің аудиториясын әр елдің телеарналары әрқалай пайдаланады. Мысалы: CNN Ирактағы стрингерлерге ақша төлеп өзекті ақпарларды алуға тырысады. FoxNews Twitter қолданушылармен тұрақты байланыста. NewsNetwork болса әлеуметтік желі арқылы «мықты бейнежазба бар ма?», «айтарыңыз бар ма?», «мәліметті жүктеп, бізге жібер» деген ұсыныстармен шықты. Мақсат: халықты да тілшіге айналдыру. Көрерменге бұл ұсыныс бірден ұнаған. Қазір көбінесе әртүрлі инциденттердің суреттерін жібереді екен. Мысалы, Киевтік «Гулливер» СК-де болған су тасқыны. Сонымен қатар 23 және 24 тамызда жүздеген адамдар Украина туын және Тәуелсіздік күнімен тікелей эфир арқылы құттықтапты.
Жиі өзгеру керек
NewsNetwork жиі өзгеретін арна. «Әлем жылдам өзгеруде. Сондықтан көгілдір экраннан көрерменді алғашқы 3 секундта қызықтыра білу керек. NewsNetwork бір орында отырып, жаңалық оқитын форматтан шыққан. Ақпаратты бірнеше орыннан жеткізеді. Сонда халық Украинада және дүние жүзінде не болып жатқандығынан бір сәтте хабардар болады. Әрбір арна жаңа трендтен қалыс қалмау үшін әр маусым сайын өзгеріп, жаңашылдық енгізу қажет. Үлкен медиакорпарациялар жаздағы демалысты күтпей жаңа маусымды бастап кетеді. Бұл дегеніміз даму, көрерменнің көзайымына айналу деген сөз», - дейді телеарна директоры Андрей Дегтярев.
"Мысалы, Instagram желісі IGTV қосымшасын іске қоса бастағаннан әлемдік брендтер оны жұмыс барысына, кәсіпке пайдаланып үлгерді. Бірінші рет Украинаның медиа саласында IGTV-ты іске қосқан біз болатынбыз. Біз жаңалық пен жаңашылдықтың табынушысы, жанкүйеріміз», - дейді ол.
Трендтерді бақылау керек
«Арнада бар болғаны 5 адам жұмыс істейді. Олар әлеуметтік желідегі ең маңызды деген 13 түрлі парақшадағы жаңалық пен оған деген халықтың реакциясын бақылап, соңғы уақытта танымал болған жаңалықты телеарнаға пайдаланады. NewsNetwork әртүрлі қызметтегі желінің барлық түрінде жұмыс жүргізеді. Соңғы уақытта нәтижеге жеткізетін Facebook пен Telegram белсенділігі өте жоғары. Telegram-ның болашақтағы қызметі жоғары болатындығына сенеміз. Себебі Telegram қызықтыратын, ойландыратын және рефлексия әдісін беретін желі. Ал Viber бұқара халық қолданысындағы желі ретінде бағалаймыз», - дейді телеарна қызметкері Александра Пикуза.
Трендтерді бақылаумен қатар, телеарна өзі де соған үлес қосуға ұмтылады. Мысалы: NewsNetwork Youtube желісінде үлкен жобалар жасайды. Эфир уақытынан бөлек тек Youtube-жобалар шығарылады. Мысалы: # ЖекеТұлға атты бағдарлама әлемді өзгертетін адамдар туралы қызықты деректер жинағы. Ал желідегі қолданушылар саны 4 миллион.
Тек шоу ғана жылдам қабылданбайды
Телеарнада Александра Пикузаның жетекшілігімен «Текнодайджест», «Кинодайджест» және экономикалық шолулар бойынша бірнеше жаңа жоба іске қосылды.
«Технодойжест» - технология әлемінің жаңалықтары туралы апталық шолу болса, «Кинодайджест» - аптадағы апталық шолу. Бұл бағдарламалардың артықшылығы: көрермен барлық жаңалықтарды 3 минут ішінде оқып, оларды түсінеді. Арна ешқандай формулалар мен клишелерсіз баршаға түсінікті, қарапайым тілде "сөйлейді".