Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Украинаның бірнеше қаласында жергілікті қазақтар тегін тамақ таратты

Украинаның бірнеше қаласында жергілікті қазақтар тегін тамақ таратты

Украина. 8 маусым. 7kun.kz – Этникалық қазақтар Украинаның бірқатар қалаларында тегін тамақ ұйымдастырды. Бұл туралы тәуелсіз журналист Оңғар Қабденов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Украинадан эксклюзив фото-видеолар! Аида Қыдырбай қарындасыма Алғыс! Бородянка мен Буча, Ворзель мен Гостомельде Украинадағы қазақтар қайырымдылық шараларын өткізді. Соғыс болып жатқан жерлерге қорықпай барып жүрген жерлестеріміз жарады!», - деп жазды Оңғар Қабденов.

Айта кетейік, Бүкіл украиналық қазақтар бірлестігінің төрағасы Данияр Эгембердиев айтуынша, бес жыл бұрын статистикалық есептеулер жүргізіліп, Украинада Қырым, Луганск және Донецкті қосқанда 40 мыңнан астам қазақ тұратыны анықталған.

Похожие материалы