Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық Банк Банк ВТБ (Қазақстан) Директорлар кеңесінің төрағасын тағайындауға келісім берді

Ұлттық Банк Банк ВТБ (Қазақстан) Директорлар кеңесінің төрағасын тағайындауға келісім берді
Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттардың сай келуін анықтау мәселелері бойынша ҚРҰБ жанындағы комиссия Банк ВТБ (Қазақстан) Директорлар кеңесінің Төрағасы қызметіне Михаил Эдуардович Осеевскийді тағайындауға келісім берді. Михаил Осеевский Банк Директорлар кеңесінің басшысы болып 2016 жылғы 15 наурызда тағайындалды. Сондай-ақ ол Банк ВТБ – Банк ВТБ (Қазақстан) бас компаниясының президенті – басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарады. Михаил Эдуардовичтің мемлекеттік және қаржылық басқару саласында көп жылдық кәсіби тәжірибесі бар. Бұрын «Санкт-Петербургская валютная биржа» ЖАҚ-та басқарушы, Санкт-Петербургтің вице-губернаторы, РФ Экономикалық даму министрінің орынбасары қызметтерін атқарған. ВТБ тобының құрылымында 4 жыл жұмыс істеді. Ресей Федерациясының мемлекеттік марапаттарын алған: ІІ дәрежелі «Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін» ордені медалі және Достық медалі.

Похожие материалы