Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені сақтап қалды

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені сақтап қалды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені пайыздық мөлшерлемелердің +/- 2 пайыздық тармақ болатын симметриялық дәлізімен 17% деңгейінде сақтап қалу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрақты қолжеткізу операциялары бойынша мөлшерлемелер өтімділік беру бойынша 19% деңгейінде және өтімділікті алу бойынша 15% мөлшерінде сақталды.

"Базалық мөлшерлеме деңгейі туралы шешім қабылдау кезінде баға тұрақтылығын, қаржы тұрақтылығына қолдау көрсетуді және экономиканың өсу перспективаларын қамтамасыз ету тәуекелдері ескерілді. Мөлшерлеменің қазіргі деңгейін экономиканың баяулауы жағдайында сақтау теңгемен активтерге деген сұранысқа қолдау көрсету қажеттілігін көрсетеді", - делінген баспасөз хабарламасында.

Ішкі қаржы нарығындағы ахуал банк салымшыларының валюталық қалауындағы тұрақтылықты көрсетеді – банктерде депозиттерді долларландыру процесі тоқтады. Ұлттық Банктің теңге құралдарының тартымдылығын арттыру жөніндегі шаралары халықтың ұлттық валютадағы депозиттер пайдасына басымдық беруіне біртіндеп өзгеріс енгізуге әсер етуін жалғастыратын болады.

Ведомстводан хабарланғандй, 2016 жылғы ақпандағы қорытынды бойынша инфляция деңгейі жылдық көрсеткіш бойынша 15,2%-ды құрады. Инфляция серпінін айқындайтын факторлар бұрынғысынша қалды. Тұтастай алғанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылы жылдық инфляция екінші жартыжылдықта баяулап, жылдың соңына қарай нысаналы 6-8% дәліздің жоғарғы шегіне жақындайды деп күтеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімі 2016 жылғы 5 мамырда жарияланатын болады.

Похожие материалы