Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк олимпиада ойындарына арнап естелік монеталар шығарды

Ұлттық банк олимпиада ойындарына арнап естелік монеталар шығарды

Алматы. 25 мамыр. 7kun.kz - 2016 жылғы 24 мамырдан бастап «proof» сапасымен номиналы 100 теңгелік «Көркем гимнастика. Олимпиада ойындары 2016» ескерткіш күміс монетасын айналымға шығарылды. Бұл жөнінде Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) төменгі бөлігінде стадионның стильдендірілген бейнесінің қоршауында Қазақстан Республикасының елтаңбасы, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 20 g» деген жазба және соғылған жылын білдіретін «2016» деген жазу бейнеленген. Сол бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 TENGE» деген жазу, жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген ойылған жазба орналасқан. Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде түрлі түсті стильдендірілген лентаның аясында көркем гимнастика бойынша сайыс сәтіндегі спортшы қыз, екі шоқпар таяқ және Олимпиада ойындарын өткізу жылын білдіретін «2016» деген сан бейнеленген. Айналдыра ағылшын тілінде «OLYMPIC GAMES» деген ойылған жазба орналасқан. Тиынның бет және сырт жақтарындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген. Қыры (гурты) бедерлі. Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 20 гр, диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы  – «proof», ең көп таралымы – 3 мың дана.

Похожие материалы