Авто
Үміт Шаяхметова тағы бір лауазымды қызметке тағайындалды
«Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова UnionPay International Шығыс Европа және Орталық Азия бойынша өңірлік кеңесінің төрағасы ретінде сайланды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Үміт Шаяхметова - 2012 жылғы қарашадан бері Шығыс Европа және Орталық Азия атынан UnionPay International Халықаралық Кеңесінің мүшесі. Қазақстан Халық банкі – осы аймақтағы UnionPay International Халықаралық Кеңесінің құрамына кіретін жалғыз қаржы институты.
«Кеңес Төрағасының міндетіне Кеңес жұмысына жалпы басшылық жасау, бизнес мәселелерін шешу кіреді. Осы алқалы орган басшысын тағайындау сайлау арқылы болады, оның әрекет ету мерзімі сайланған сәттен бастап 3 жыл. Біз Үміт Шаяхметова осы уақыт ішінде біздің төлем жүйеміздің тек қана Қазақстанда ғана емес, бүкіл өңірде - Шығыс Еуропа, Орталық Азия, Ресей және Кавказда кең таралуына ауқымды үлес қосатынына сенім білдіремін, - деді UnionPay International Басқарма төрағасының орынбасары Дэвид Ли.
Өңірлік Кеңестің уәкілеттігіне төлем жүйесі жұмысының операциялық ережелерін бекіту және жаңа қатысушылардың өтінімдерін қарастыру кіреді.