Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Универсиада билеттерін ұялы телефонның балансы арқылы сатып алуға болады

Универсиада билеттерін  ұялы телефонның балансы арқылы сатып алуға болады

Алматы. 8 желтоқсан. 7kun.kz - Енді 2017 жылғы 28-ші дүниежүзілік Қысқы Универсиадаға билеттерді activ нөмірінің теңгерімінен сатып алуға болады Мұндай мүмкіндікті Ұялы байланыс операторы «Кселл» АҚ іске асырып отыр.

Аctiv абоненттері, http://kassir.kz/universiade сайтында спорттың өзін қызықтыратын түріне билетті таңдай отырып, activ нөмірінің теңгерімінен тапсырысқа ақы төлеу мүмкіндігін таңдай алады. Абонентке электронды пошта мекенжайы мен теңгерімінен сатып алу жүзеге асырылатын activ телефон нөмірін енгізу ұсынылады. Билетке ақы төлеу үшін нөмір теңгерімінде қажетті сома болуы тиіс. Билеттер сайтта жарияланған бағасы бойынша қосымша комиссиялық алымдарсыз сатылып алынады. Билеттің құны спорттық шараның түріне, орнына, секторына байланысты болады. Билетке тапсырыс беру кезінде абонентке көрсетілген нөмірге 7701 нөмірінен SMS түріндегі растауға сұраныс келеді. Жауап ретінде, сатып алуды растау үшін, абонентке тегін жауаптық хабарламада «1» жіберу керек. Содан кейін билет сатылып алынатын және абоненттің электронды поштасына жіберілетін болады, ал билеттің құны теңгерімінен шегеріліп алынады.  

Похожие материалы