Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Вайнер Мейіржан Төребаев қамаудан босатылмайды

Вайнер Мейіржан Төребаев қамаудан босатылмайды

Алматы. 26 сәуір. 7kun.kz – Алматы қалалық соты Mudarabah capital ісі бойынша қамалған вайнер Мейіржан Төребаевты қамаудан босатпайтын болды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Вайнердің адвокаты аудандық соттың 10 тәулікке қамау туралы шешімін өзгертіп, оны үйқамақта ұстау шарасына ауыстыруды талап етіп, сотқа шағым түсірген. Ал прокурор іс бойынша бұрынғы 10 тәулікке қамау шешімін 2 айға ұзартуды сұраған. Бірақ Алматы қалалық соттың судьясы Батыров аудандық сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Кеше бір топ азамат Мейіржанды босатуды талап етіп қалалық сот алдына жиналған. Ал вайнердің жары Дана Есеева президентке видеоүндеу жасаған еді.

Похожие материалы