Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Валюта қандай жағдайда жарамды, қай кезде жарамсыз?

Валюта қандай жағдайда жарамды, қай кезде жарамсыз?

Айырбастау бөлімшелері ескіріп кеткен немесе қырылған банкноталарды қабылдамай қалуы мүмкін бе?Осы сынды сұрақтар көп қойылатындықтан, Ұлттық қордың қаржылық қызмет мамандары шетел валюталарының жарамды-жарамсыз болатын тәртібін түсіндірді.

Айналымға жарамды деп мынадай зақымдары бар банкноталар танылады:  1) қырылған немесе ластанған; 2) алынған бөліктері желімделген (аумағы 1-2 шаршы сантиметр); 3) барлық аумағының төрттен бірінен аспайтын жапсырмасы барлары; 4) май не өзге де дақтары бар, мөрлердің іздері бар болса (егер іздері банкноталарды анықтауға кедергі етпесе); 5) диаметрі 0,5 мм-ден аспайтындай тесілген болса; Мынадай зақымдары бар банкноталар жарамсыз деп есептеледі:  1) бірнеше бөлікке жыртылған немесе жабыстырылған; 2) өзінің негізгі түсін өзгерткен немесе түсі кетіп қалған; 3) күйіп қалған; 4) банкнотаның көп бөлігіне бояу, май төгілген болса; 5) химиялық реакциялардың әсеріне ұшыраған; 6) қасақана зақым келтірілген (негізінен, суреттер, адамдардың бейнесі өзгертілген, сызылған болса, қорғаныш жібі алынған болса, үстіне біраз жазу жазылған болса); 7) баспа ақауы анық көрінетін банкноталар (орналасқан су белгісі немесе қорғашық жібінің болмауы, суреттің көмескіленуі); 8) 3 миллиметрден артық өз геометриялық өлшемін өзгерткен, кішірейген немесе үлкейген болса; Айналымға жарамсыз банкноталарды сатып алу немесе ауыстыруды лауазымды банктер жүзеге асырады. Банкнотаның белгіленген құнының 10 пайыздан кем ақысы комиссиялық сыйақы ретінде алынады.

Похожие материалы