Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ватикан банкінің табысы 24 есе өсті

Ватикан банкінің табысы 24 есе өсті

Ватикан банкі 2014 жылы таза табысын 24 есе ұлғайтып, 69,3 млн еуроға дейін жеткізді. Бұл туралы  «Финмаркет» агенттігі хабарлайды. 2013 жылы ресми түрде діни әрекет институты аталатын банктың табысы 2,9 млн еуроны құраған еді.

Мұндай өсімге Рим папасының жемқорлықпен күрес жолында банк басшылығын ауыстыру туралы шешімі себеп болған. Жаңа менеджмент жүздеген клиентерден бас тартып, қаржылық мекеменің әрекетін барынша ашық түрде жүзеге асырды. Банк штаты 100-ден астам адамды құрайды. Бақылау органының қызметін кардиналдар жүзеге асырады. Тарих банкінде алғаш рет жыл есебін 2013 жылдың қазанында жариялады. Құжат бойынша, 2012 жылы ұйымның 18,9 мың тұтынушысы болған. Енді олардың саны 15 мыңнан 181 мыңға дейін көбейді. 14 пайызы Қасиетті тақ институтына тиесілі. 9 пайызы кардиналдардың, епископ пен дін қызметшілерінің, 8 пайызы түрлі епархияның, қалғаны католикалық қауымның мүшелерінің еншісінде. Банк сирек несие береді, бірақ депозиттер қабылдап, аударымдар өткізіп, активтерге инвестиция салады. Бүгінде депозит көлем 2 млрд еуроны құрайды. Банк операцияларының 25  пайызы қолма-қол ақшалар арқылы жүзеге асады.

Похожие материалы