Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz – Viber әзірлеушілері 1 млрд-қа жуық пайдаланушы бір мезгілде қарым-қатынас жасай алатын топтық қауымдастықтарды іске қосады. Бұл туралы vc.ru хабарлады.
Viber мен өзге де қызметтердегі топтық сөйлесулер арасындағы негізгі айырмашылық - қатысушылар санының жоғары лимиті болып саналады. Көптеген мессенджерлер топтағы қатысушылар санын жүз не мыңдаған адаммен шектейді, дейді Viber-дің өкілі. Мәселен, WhatsApp-тың топтық чатында тек 256 адамға дейін, ал Telegram-да 30 мың адамға дейін, ал супертоптарда 100 мың адамға дейін шақыруға болады.
1 наурыздан бастап кез келген Viber пайдаланушысы қоғамдастық құра алады. Сонымен бірге, бұл опция тегін болады. Топтарда тек қатысушылардың есімдері ғана көрсетіледі. Ал, телефон нөмірлері мен басқа да жеке ақпарат өзгелерден жасырын тұрады.
Ресейде ірі компаниялар әзірге жаңа нұсқаны пайдаланбайды. «Біз жақын арада бірнеше ірі қоғамдастықтарды іске қосу үшін жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді Viber.
Viber аудитория көрсеткішін жарияламайды. Rakuten бас холдингінің 2017 жылға арналған есебінде, желтоқсан айының соңында әлемде таратылған есеп жазбаларын қоспағанда, бүкіл әлем бойынша 980 млн телефон нөмірлері тіркелген.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!